«Әкем, анам және мен» атты отбасылық сайыс болып өтті...

«Әкем, анам және мен» атты отбасылық сайыс болып өтті...

 

   М. П. Русаков атындағы №2 санаторлық мектеп-интернатында қыркүйектің 14 күні республикалық «Отбасы – бақыт мекені» аптылығы аясында «Әкем, анам және мен» атты отбасылық сайыс болып өтті. Сауықтыру шарасына байланысты өткізілетін отбасылық, спорттық сайыстың мақсаты: ата-анамен тығыз қарым-қатынаста болып, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты жақсарту. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Балалар арасындағы ынтымақтастыққа өзара бірлесе қимыл жасауды дамыту.

Сайыстың бағдарламасы 7 кезеңнен тұрды: «Менің отбасым», «Шынықсаң шымыр боласың», «Доппен жүгіру», «Арқан тартыс», «Жұмыртқа», «Отбасы суреті». Сайысқа 1 - 4 сынып арасынан 4 отбасы қатысты. «Сұңқар», «Тұлпар», «Бақытты отбасы», «Арлан» топтары өзара сайысқа түсті. Сайыс қорытындысы бойынша топтар жүлделі I, II, III, III орындарды иеленді. Ата-аналар мен оқушылар белсенділік танытып, сайысқа бәсекелестік рух берді. Мектебіміздің оқушысы Дүйсенбай Рахат қатысушыларға ән сыйлады.

 

Дата: 15.09.2019, 15:58 Автор: Мектеп-интернат №2