1 қыркүйек Білім күніне «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті...

1 қыркүйек Білім күніне «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті...

 

  2019 жылдың 1 қыркүйегінде ЖББ «М. П. Русаков атындағы №2 мектеп-интернатында» 2019-2020 оқу жылының басталуында орай «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті. Жиынға 1-10 сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты. Мектеп директоры Жамшыбаева П.С. және қалалық білім бөлімінің әдіскері Айтжанова Ж.Ә. қатысып, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушыларға жүрек жарды тілектерін арнады.

Салтанатты жиын мемлекеттік гимнмен ашылып, мектеп оқушыларының ән, би шашуларымен жалғасты. 7 "Ә" сынып оқушысы Дүйсенбай Рахат, мектеп оқушыларының дуэті ән арнаған болса, мектепшілік «Жұлдыз» би тобы «Қоңыраулар» биін биледі. Салтанатты жиын 1 сынып оқушыларының мектепке алғаш қадам аттауымен аяқталды. Мектебіміз биылғы оқу жылында 1 сыныпқа 45 оқушы қабылдады.

Дата: 2.09.2019, 15:31 Автор: Мектеп-интернат №2