15 мамыр күні «Отбасы тәрбиесі - өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудің негізі» атты жалпы ата-аналар жиналысы өтті...

15 мамыр күні «Отбасы тәрбиесі - өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудің негізі» атты жалпы ата-аналар жиналысы өтті...

 

  15 мамыр күні Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасы тәрбиесі - өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудің негізі» атты жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың негізгі мақсаты – отбасылық тәрбие мәселелерін талқылауға ата-аналарды қатыстыру, олардың жауапкершілігін және балаларды тәрбиелеудегі рөлін арттыру.

Жиналыстың күн тәртібінде мынандай мәселелер: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру - тәрбие негізі; Ата-аналар мен мектептің өзара іс-қимылын күшейтудегі отбасылық құндылықтар; 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау және тағы да басқа әр түрлі сұрақтар қарастырылды.

Дата: 16.05.2019, 12:33 Автор: Мектеп-интернат №2