Размер шрифта:

«Отан үшін жан қиған ер» атты мектеп оқушылары арасында IV аймақтық көркемсөз байқауы болып өтті...

«Отан үшін жан қиған ер» атты мектеп оқушылары арасында IV аймақтық көркемсөз байқауы болып өтті...

 

  3 мамыр күні М. П. Русаков атындағы №2 мектеп-интернатының ұйымдастыруымен қалалық Оқушылар сарайында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Жастар жылы» аясында және Ұлы Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының батыры, жерлесіміз Қазыбек Бейсенұлы Нұржановтың туғанына 100 жылдығына арналған «Отан үшін жан қиған ер» атты мектеп оқушылары арасында IV аймақтық көркемсөз байқауы болып өтті.

Жас ұрпақтың бойында ұлттық рухты Отанға деген патриоттық намысын жандандыру, туған жердің тарихы мен әдебиетін өнері мен мәдениетін білуге деген құштарлықтарын арттыру, ел рухын асқақтатқан ерлеріміздің есімін есте ұстауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған байқауға аймақ мектептерінен 13 оқушы қатысып, өз бақтарын сынасты.

Байқау шартына сай сайыскерлер танымал ақын-жазушы жерлесіміз Жеңіс Қашқыновытың «Батырдың анасы» поэмасынан 3 минуттық үзінді және майдангер жазушылардың ерлікке толы прозалық шығармаларынан 3-4 минуттық үзінді жатқа айту болды.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», деп байқау нәтижесінде бас жүлдені Қазыбек Нұржанов батырымыздың ата жұрты Ақтоғай ауданы Қазыбек Нұржанов атындағы мектептің оқушысы Назерке Ұзақбек иеленді. 1 орын - №2 Абай мектебінің оқушысы Тоқтасынұлы Азамат, 2 орын - №7 мектеп-гимназиясынан Айдана Бірмахан және Ақтоғай ауданы Тасарал орта мектебінен Темірлан Рахымбаевқа бұйырды. 3 орынды Ақтоғай ауданы Шашубай атындағы мектеп оқушысы Балым Бауман, сондай-ақ, №25 орта мектеп оқушысы Дильназ Сәкеноваға Қазыбек Нұржанов атындағы арнайы жүлде табыс етілді. Жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етіліп, қалған барлық қатысушылар сыйлықтар мен сертификаттарға ие болды.

Іс-шара барысында ұйымдастырушы №2 мектеп-интернатының оқушылары ерлікпен қаза тапқан Қазыбек Нұржановтың майдандағы кезеңінен үзінді қойылым көрсетіп, жүректерді тебірентті. Сонымен бірге, тарих пәнінің мұғалімі Айдос Жанатұлы Белоруссия Республикасы Волхов қаласына байланысқа шығып «БОРОДИНО» мұражайы басшылығының құттықтау сөзін бейнетаспадан көрермен назарына ұсынды. Намыс туын жоғары ұстар ұрпаққа үлгі - тәрбие берер мағыналы, мәнді іс-шара өте жоғары деңгейде болып өтті.

Дата: 6.05.2019, 10:51 Автор: Мектеп-интернат №2