«Бір шаңырақ астында»

«Бір шаңырақ астында»

  30 сәуір күні ересек  және мектепалды даярлық  топтарында "Бір шаңырақ астында" атты музыкалық іс-шара өткізілді, онда педагогтар балаларға 1 мамыр күні мерекенің пайда болу тарихы туралы бейнеролик көрсетті, ойын-сауық көңілді ойындар, конкурстар өткізді, балалар үш тілде өлеңдер айтты. Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды.

    Балалар көктем мен еңбек, ағаштар мен көктемгі гүлдер туралы ұсынылған жұмбақтарды қуана шешті. Көктемгі тақырыптағы мақал-мәтелдер мен өлеңдер бірге еске алынды. Мереке соңында педагогтар өз қонақтарына жақсы көңіл-күй, шабыт және барлық тілектердің орындалуын тіледі.

Балабақша мамандары  " Достық пен ынтымақтастықты дәріптеу!» атты мерекелік плакат шығарды.

Дата: 30.04.2021, 16:15 Автор: Күншуақ