«Балдырған» балабақшасының Жаңа жылға арналған мерекелік іс-шаралар.

«Балдырған» балабақшасының Жаңа жылға арналған мерекелік іс-шаралар.

25.12-15.30.12.2015жылы  «Балдырған» балабақшасында Жаңа жылға арналған ертеңгіліктер  өтті. I-ші кіші топта «Кел,Жаңа жыл!» атты ертеңгілікте бүлдіршіндер әр түрлі ертегілер кейіпкерлері  костюмдерін киіп,  Аяз атамен Ақшақарды қуана қарсы алды. Аяз Атаға арнап әндер айтылып,би биледі. Сайқымазақ  балаларды таңқалдырып ғажайып сиқырмен сыйлық  әкелді. Сонымен қатар  2-кіші топта  «Жаңа бақыт,Жаңа жыл!»ертеңгілігі, ортаңғы топ «Төрлет,Жаңа жыл!» ,  ересектер тобы «Қош келдің,Жаңа жыл!» атты ертеңгіліктер Жаңа жыл мерекесіне орай  безендірілген шырша  балаларға үлкен қуаныш,естен кетпес сәт сыйлады.Топ тәрбиешілері осы арнайы ертеңгілікке  Аяз Ата,Ақшақар,Мыстан  кемпір,Қарақшы,Аққала  кейіпкерлері рөлінде көңілді ойындар  ойнатып  балаларды қуанышқа бөледі. 

Жүздерінен қуаныш нұрын төккен,

Балбұл жанған беттерін аяз өпкен.

Жиылған халайық қарсы алыңдар,

Жаңа жылды сағына көптен күткен,

Жаңа жыл құтты болсын!

Дата: 30.12.2015, 11:32 Автор: Балдырган