«Балдырған» балабақшасының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған апталықтар

«Балдырған» балабақшасының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған  апталықтар

«Балдырған» балабақшасында 08.12-15.12.2015 аралығында ҚР Тәуелсіздік күніне орай  апталықтар  өтті. Аптаның бірінші күні сурет галереясы «Астана-Елбасының  туындысы» атты балалардың өз шығармашылығынан сурет салудан конкурс өтті. Конкурсқа балалар мен ата-аналар ат салыса қатысты. Осы тәуелсіздік күніне орай «Балдырған» балабақшасының әр топ тәрбиешілері патриоттық «Еркіндігі елімнің- тәуелсіз ел Қазақстан атты  ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізді.Өткізген тәрбиеші ІІ-кіші топ тәрбиешісі Б.Даркеева балаларымен бірге өткізді.Ортаңғы топ тәрбиешісі Б.Оспанбекова «Баға –жетпес байлығым атты ұйымдастырылған оқу іс-әрекет өткізді. ІІ-кіші топ, ортаңғы топ, ересектер топ тәрбиеленушілер арасында «Отан»туралы мақал-мәтелдерден сайыс өтіп оларға орындар берілді. Аптаның соңы музыка жетекшісі Т.Фидахметова «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мерекелік ертеңгілігімен аяқталды.

Бұл апталықтың мақсаты: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру. Рәміздерді қастерлеуге үйрету.Елін,туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Дата: 18.12.2015, 11:23 Автор: Балдырган