Асқақтай бер Астанам Нұр-Сұлтан!

Асқақтай бер Астанам Нұр-Сұлтан!

6 шілде-Нұр-Сұлтан қаласының туған күнін мерекелеуге арналған ойын-сауық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара басталған бетте Қазақстан Республикамыздың гимні ойнатылып, кішкентай бүлдіршіндер алақандарын кеуделеріне қойды.Ел астанасы Нұр-сұлтан қаласы туралы түсініктерін молайту мақсатында және күннен күнге көркейіп келе жатқан жас қаланың көрікті жерлері мен жаңа зәулім ғимараттарын атауларымен қысқаша таныстырдық. Елордамыздың астанасы туралы балалар өлең тақпақтарын айтып,ән орындалып,би биледі.Артынан кілем үстінде қазақтың ұлттық ойындары: «Асық шерту», «Оқтау тарту», «Арқан тартыс» , «Кіш сынамақ» т.б. ойнаған балалардың қуаныштарында шек болмады.

Дата: 11.08.2021, 15:30 Автор: Ертөстік