25-29 қаңтар аралығындағы "Қызықты математика" атты математикалық сауаттылық апталығы

25-29 қаңтар аралығындағы

25-29 қаңтар аралығындағы "Қызықты математика" атты математикалық сауаттылық апталығы

Қарағанды облысының Оқу әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен жарияланған «Қызықты математика!» атты математикалық сауаттылық апталығы «Ер Төстік бөбекжайында».

Мектепке дейінгі ұйымдарда математикалық білім беру сапасын арттыру мақсатында Балқаш қаласының «Ер Төстік» бөбекжайында барлық ересек топтар мен мектепалды топтарында «Қызықты математика», математикалық сауаттылық апталығы 2021 жылдың 25-29 қаңтар аралығында өтті.

№5 «Күншуақ» ересек тобы «Сүйікті фигураның портреті» атты сурет сабағын өткізсе,№7 «Речевички» мектепалды даярлық тобы балалары В.Сутеевтің «10-ға дейін есептей алатын лақ туралы» атты мультфильм көріп тамашалады.Барлық топтардың ата-аналары да қарап отырмай әр түрлі дидактикалық ойындарды ойлап тауып,балаларымен ойнап жатқан видео,фото суреттерімен бөлісті.Далаға шыққанда ,басқа да бос уақыттарында «Жұбын тап!,Үркер,Сапқа тұр» қозғалыс ойындарын барлық топтармен ұйымдастырып ойнаттық.№7 «Речевички» орыс тіліндегі тобында да серуен кезінде «Ходилки- мерилки» тақырыппен  балалардың жеке қадамдарының ұзындығын өлшеумен айналысты. Барлық топтармен «Математиканың жарқын аптасы» атты аптаның жабылуын ерекше көңіл күймен аяқтап,ат салысқан ата-аналармен,балаларды марапаттап құттықтаумен сәтті аяқтадық.Барлық ақпараттарды «Ер Төстік» бөбекжайының фейсбук,инстаграмм парақшаларына  #қызықты математика#хэштегі атынан жүктеліп отырдық.

Дата: 2.02.2021, 12:44 Автор: Ертөстік