"Ер Төстік" балабақшасында Абай Құнанбаевтың 175 жыл толуына байланысты әдеби кеші өтті

       -«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін » әдеби-кеш

 

 Қазақтың біртуар азаматтарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейлі жасына арналған

-«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін »деген атпен2020 жылдың  16 қазанында әдеби-сазды кешіміз өтті.

Жас ұрпақты тәрбиелеп отырған ұстаздардың жүрегінің ішіне терең бойлайтын, қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап,насихаттап,рухани азық алатын,білім,өнер мен мәдениеттің дамуына  үлес қосады деген ниетпен ұйымдастырылған іс-шара 5 кезеңнен құралған.

Осы байқауда әділ баға беретін әділ-қазы алқасын тағайындадық.

Реттік санын анықтау үшін жеребе тастап,жеребе тәртібі бойынша  өлеңдерін оқитын ұстаздар,қара сөздерін айтатын ұстаздар және ән-жырына дайындалған ұстаздар бөлек шақырылып жатты.

Әрбір жыры,әрбір өлең шумақтары адамды ойландырып, баға жетпес сарынымен толғандырып отыратын Абай атамыз туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес,сондықтан жан-жақты дайындалып,улкен жауапкершілікпен,мағынасы мен мәні ұшан-теңіз болатын әдеби-сазды кешіміз өз мәресіне жетті.Соңында міндетті түрде марапаттау рәсімін ұйымдастырып,барлық қатысушыларды құр алақан қайтармадық.

Дата: 20.11.2020, 14:38 Автор: Ертөстік