"Абайдың табиғат лирикасы"

10 тамыз Абай күніне орай 7 «а» сынып жетекшісі: Бимбетова Б.С., сынып тәрбиешісі: Келисбаева Б.У. ZOOM платформасында қазақ халқының ұлы классикалық ақыны, ағартушы, ойшыл философ, ұлтымыздың рухани мақтанышы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған
"Абайдың табиғат лирикасы"
тақырыбында іс – шара өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Абай өлеңдерін барынша терең меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау машығын жетілдіру, теориялық ұғымдарды түсіндіру, этнографиялық танымдарын кеңейту. Осы шарада  сынып оқушылары Абай аталарының өлеңдерін жатқа білетінің байқатып, бірінен-бірі іліп алып кетіп, жалғастырып өз – ойларын ортаға салды. Абай атамыз туралы қанша айтсақ та, аздық етпейді. Ұлы Абай атамыздың қалдырып кеткен 
өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде баға¬ланды. Ұлы ақынымыздың есімі мәңгі жүрегімізде.
Дата: 11.08.2022, 9:30 Автор: Мектеп-интернат