«Денсаулық әлеміне саяхат»

«Денсаулық әлеміне саяхат»

24.06.2021 күні «Балауса» мектеп жанындағы жазғы демалу және сауықтыру лагерлік алаңының қатысушылары күнді  «Салауатты өмір салтын ұстаймыз!» ұранымен бастады.Әдеттегідей таңғы жаттығу жасалды.         «Денсаулық әлеміне саяхат» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды.. Байқаудың мақсаты: балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, аурулардың алдын алу тәсілі ретінде жас ұрпақ бойында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Байқауға балалар белсенді қатысып, дұрыс тамақтанудағы өздерінің белсенді өмірлік ұстанымдарын айқын көрсетті. Балалар өз суреттерін түрлі-түсті бояулар, фломастерлер және түрлі- түсті қарындаштардың көмегімен салды. Көркем шығармалар жарқындылығымен, түстердің алуан түрлілігімен, қуатымен, қиялымен тартымды болды. Байқауда ең жақсы салынған сурет анықталып, марапатталды. Балалармен «Кім жылдам?» ойыны ойнатылды.

Дата: 28.06.2021, 9:53 Автор: №24 мектеп-интернаты