№ 24 орта мектебінде 28.05.2020 жылы оқу жылының аяқталуына орай педагогикалық кеңес онлайн түрде Zoom платформасы арқылы өткізілді.

№ 24 орта мектебінде 28.05.2020 жылы оқу жылының аяқталуына орай педагогикалық кеңес онлайн түрде Zoom платформасы арқылы өткізілді.
Күн тәртібінде көптеген мәселелер қарастырылды. "Қауіпсіз жаз-2020" оқушылардың жаз мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары. 1,10 сынып оқушыларының мектепке қабылдануы бойынша ақпарат беру. Педагогтарды аттестациядан өткізу бойынша нормативтік құжаттарға енгізілген өзгерістер айтылды. 2019-2020 оқу жылының аяқталуына байланысты оқу сапасының қорытындысы . Сонымен қатар 9 сынып оқушыларының еңбекпен қамтылуы да айтылды. Кеңес соңында 2019-2020 оқу жылының қорытындысы жасалып , мектеп оқушыларына көмек қолын созған мектебіміздің ұстазы Р.Н.Ибышев "Үлкен жүрек" номинациясында алғыс хат, "Үздік жас маман-2020" номинациясымен Е.К.Ахай , "Үздік жыл педагогы -2020" номинациясымен А.Н.Жунусова , "Үздік сынып жетекші -2020" номинациясымен Г.Ж.Нуркеева , "Үздік әдістемелік бірлестік жетекшісі-2020" марапатталды .
Дата: 30.05.2020, 8:03 Автор: №24 мектеп-интернаты