№24орта мектебінде 2019 жылы 29 қазан күні "Сапалы білім мен тәрбие беру мектептің басты ұстанымы" тақырыбында педагогикалық кеңес ұйымдастырылды.

№24орта мектебінде 2019 жылы 29 қазан күні

24орта мектебінде 2019 жылы 29 қазан күні "Сапалы білім мен тәрбие беру мектептің басты ұстанымы" тақырыбында педагогикалық кеңес ұйымдастырылды. Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер: 1. НЗМ -нің іс -тәжірибесін жұмысқа енгізу -мұғалімнің жоғары кәсіби құзіреттілігінің белгісі. 2. Мұғалімнің өздігінен білім алуы және өзін-өзі жетілдіруі - педагог қызметінің маңызды негізі.3.Инновациялық білім беруде кәсіби шеберлікті арттыру жолдары . 4. Мектеп оқушыларының 1 тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасының анализі. 5. Оқушылардың тамақтануы сапасын мониторингілеу комиссиясының жұмыс қорытындысын талқылау . 6.Кәмелетке толмағандар арасында суициадалды мінез - құлықтың алдын алу. "Сапалы білім мен тәрбие беру мектептің басты ұстанымы" тақырыбында мектеп директоры М.С.Есжанова сөз алды. Жаңа жаһандану замандағы білім саласындағы жаңалықтарға тоқтала кетті. "Инновациялық білім беруде кәсіби шеберлікті арттыру жолдары" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі , педагог-эксперт С.Т.Дюсебеков іс-тәжірибесімен бөлісіп , педагогикалық ұжымға шеберлік сабағын көрсетті. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер, бағалау жүйесі бойынша кездесетін мәселелер мен оны шешудің жолдарын айтты.
Педагогикалық кеңесте оқу - тәрбие барысындағы жетістіктер мен проблемаларға тоқталып , шешу жолдарына ұсыныстар айтылды.

Дата: 5.11.2019, 10:28 Автор: №24 мектеп-интернаты