«Қазақстан туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, қыранымен айбатты»

«Қазақстан туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, қыранымен айбатты»

4 маусым, "Балқаш қаласы ЖББ № 24 орта мектебі" КММ -сі мектеп базасындағы "Балауса" жазғы демалу лагері. 
Тәрбиешілер балалардың тұлға ретінде жан-жақты дамуына аса көңіл бөлуде. Соның бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай мектеп жанындағы лагерде әр түрлі іс-шаралар жоспарланды. Аталмыш іс-шаралар таңғы астан кейін «Қазақстан туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, қыранымен айбатты» атты салтанатты жиында Қазақстан Республикасының әнұранын орындаудан басталып, «Рәміздерім- мақтанышым» атты тақырыпта танымдық викторинамен іс-шара жалғасын тапты. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін тереңдету; балаларды Қазақстан Республикасының рәміздерін, тарихын және салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.Балаларға викториналық сұрақтар берілді. Барлығы аса қызығушылықпен қатысты. Әрбір бала өз Отаны туралы білімін көрсетуге тырысты. Викторинадан кейін «Биік сенің мәртебең, рәміздерім!» тақырыбында рәміздер күніне арналған сурет салу сайысы ұйымдастырылды. Сурет салуда өз шығармашылықтарын жақсы көрсеткен балалар, мақтау қағаздарымен марапатталды.Әр түрлі іс-шараларға қатысулары арқылы әрбір бала өзінің Отанына деген патриоттық сезімін көрсете алды.

Дата: 6.06.2019, 10:51 Автор: №24 мектеп-интернаты