Тамыз конференциясына қатысамыз!

Тамыз конференциясына қатысамыз!

22.08.22 ж. кітапхана меңгерушісі " Кітап оқу уақыты - заманауи отбасылық және мектептегі оқу дәстүрлері "Тақырыбында өткен облыстық тамыз конференциясына қатысты. Кездесу барысында сөз сөйлеушілер конференцияға қатысушыларды "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы таныстырып, "Бір отбасы - бір кітап"акциясын одан әрі жүзеге асыруды жалғастыруды ұсынды. Өз сөзінде Қарағанды қаласының ОКЖ меңгерушісі практикалық семинарлар, конкурстар және дөңгелек үстелдер ұйымдастыру арқылы кітапханашылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруды ұсынды. Конференция соңында кітапханашылар Қарағанды облысы бойынша кітапханашылар қауымдастығын құруды ұсынды.