Оқулықпен қамтамасыз ету

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-де биылғы 2023-2024 оқу жылында оқушылар санының өсуіне орай сұранысқа берілген оқулықтар жеткізіліп, 2 сыныптың орыс тілі пәніне арналған жаңа бағдарлама бойынша және даярлық тобына сауат ашу және математика негіздері дәптерлері, бірінші сынып оқушыларына жазу дәптерлері, сонымен қатар 3, 4, 5, 7, 8, 9, 10 сыныптарына ағылшын тілі пәніне арналған дәптерлері оқушыларға таратылып берілді. Барлық сыныптардың оқушыларына оқулықтарымен толық қамтамасыз етілді.
#balkash_galasy_bilim_bolimi
#goroo_balkash
#umckrg
#ҚОББтәрбие
Дата: 21.09.2023, 17:02 Автор: әл-Фараби атындағы ЖББМ