10-11 сынып оқушыларының ҰБТ – ға дайындығын ұйымдастыру

10-11 сынып оқушыларының  ҰБТ – ға дайындығын  ұйымдастыру

Балқаш қаласы жалпы білім беретін №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебінде 10-11 сынып оқушыларының ҰБТ –ға дайындығын ұйымдастыру мақсатында ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар жиналысын мектеп директоры Сыздыкова С.Т. ашып, жоғарғы оқушыларының алға қойған мақсаттары мен білім алудағы жауапкершіліктеріне тоқталды. Ата-аналарға мектептің жоспарына сәйкес атқарылатын жұмыстармен бірге мектеп түлектері мен 10 сыныпқа келген оқушылардың ҰБТ –ға дайындығын бастауды ұсынды.  Қосымша дайындыққа үйрететін орталықтармен және де пән мұғалімдерімен тығыз байланыста болуға шақырды. Сөз барысын директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жумажанова Қ.М. жалғастырып, ҰБТ тапсырудағы негізгі ерекшеліктерді толық таныстырып өтті. Білім алушыларды дайындауда өткізілетін аралық бақылау сынағының талаптары жан-жақты таныстырылды. Білім гранттарын алу үшін тапсырылатын ҰБТ сынағының алғы шарттары айтылды. Дайындықты күшейтетін арнайы сайттар мен платформалар таныстырылды.  Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға дұрыс бағытта жауаптар беріліп отырды. Жоғары нәтижеге қол жеткізуді мақсат етіп, оқушыларды алдағы уақытта білім гранттарын иеленіп, зайырлы қоғамда саналы мамандық иесі болуға шақырды.

 

 

Балқаш қаласы №16 жалпы білім беретін мектебінде 2021-2022 оқу жылында «Алтын белгі», «Үздік аттестатқа» аяқтағалы отырған үміткерлердің  ата-аналары және үміткерлермен бірлескен жиналыс өткізілді.

Күн тәртібінде түлектердің алдағы болатын мемлекеттік емтихан сынақтары мен ҰБТ сынақтарының жүргізілу барысын түсіндіру, 1 тоқсандық онлайн сынақтарының қорытындысын саралау қарастырылды.

Жиналысты мектеп директоры Сыздыкова С.Т. ашып, Алтын белгі, Үздік аттестат оқушыларының ата-аналарына үміткерлермен болатын жұмыс жоспарымен таныстырды. Мемлекеттік емтихан, ҰБТ сынақтарына жүйелі дайындық пен тиянақты білім болу керектігі ескертілді. Мектеп және ата-ананың үмітін ақтау үшін пән мұғалімдері, сондай-ақ қосымша дайындық сағаттарымен тығыз қарым-қатынас орнатуларын айтып өтті.

Бұдан соң директордың оқу-ісінің орынбасары Жұмажанова Қ.М.  оқушылардың І тоқсандық  онлайн сынақтарының қорытындысымен таныстырды. Түлектерді әр пәндік көрсеткіштер мен салыстырмалы сараптамалар арқылы дайындық жұмыстарына бағыттады. Алдағы болатын сынақ уақыттарымен таныстырып, ата-аналар тарапынан болған сұрақтарға тиімді жауап беріп, үміткерлерге сәттілік тіледі. «Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған» демекші, келешекті тек біліммен елестетейік, жас түлек!

Дата: 18.09.2020, 12:07 Автор: әл-Фараби атындағы ЖББМ