«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы әлі де жалғасуда

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы әлі де жалғасуда

  «Мектепке жол» республикалық акциясы барысында мектеп басшысының бұйрығы негізінде  отырыс өткізіліп, мектеп ұжымынан штаб құрылды. Акция бойынша мектепте арнайы бұрыш ұйымдастырылып, акцияға ат салысуға шақыратын парақшалар таратылды. Мектеп ұжымына жиналыс өткізіліп, акциямен таныстырылды.

Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау,тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

ЖББ №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебінің ардагер ұстаздары мен "Pizza House" дәмханасының иесі мектептегі аз қамсыздандырылған, көп балалы отбасындағы 34 оқушыны  оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.

 

Дата: 21.08.2020, 16:35 Автор: №16 ОМ