«Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысын өткізді. Оған 56 сынып қатысты.

20 тамыз күні ЖББ №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебінің сынып жетекшілері «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысын өткізді. Оған 56 сынып қатысты.
Ата-аналар жиналысының күн тәртібінде мынандай сұрақтар қарастырылды:
1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары.
2) Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау.
3) Қашықтан оқыту: баланың іс-әрекеті және жұмыс орны.
4) Қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру Интернет-платформасымен танысу.
5) Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі.
6) Баланың оқу режимі және демалысы.
7) Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады?
8) Интернетті қауіпсіз пайдалану үшін ата-аналарға балаларына үйрететін ережелер.
9) Интернеттегі балалардың жұмысын ата-ана бақылауы ережелерімен таныстыру
10) Ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы.
Әр сынып жетекші күн тәртібіндегі сұрақтарды талдап, ата-аналар кері байланыс ретінде ойларын бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.