Жалпы республикалық педагогикалық кеңес

Жалпы республикалық педагогикалық кеңес

«2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» тұжырымдамасы туралы
19.08.2020 жылы Балқаш қаласы жалпы білім беретін №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебінде «2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңесті мектеп директоры С.Т.Сыздыкова жүргізді. Күн тәртібінде жаңа оқу жылындағы оқу форматтары, оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау, 1-4 кезекші сыныптардың жұмыс режимі және жұмыс істеу қағидалары, мектепте қашықтан оқытуда пайдаланатын білім беру интернет-платформасымен танысу, жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктері, баланы өз бетінше жұмыс істеуге және «оқуға қалай ынталандыру керек?» деген мәселелер қаралды. Биылғы оқу жылында 1497 оқушы, 61 сыныппен жұмыс жасау жоспарланғаны айтылды. Қосымша білім беру ресурсы ретінде барлық сыныптарға қазақ тіліндегі «Балапан», орыс тіліндегі «ЕлАрна» телеарналарында теле сабақтар ұсынылатыны айтылды. Сонымен қатар 1-4 сынып аралығында 610 бала білім алады. Оның 473-і офлайн оқуға өтініш берді. Осы мақсатта 1-4 сынып педагогтарына «кезекші сыныптардың» жұмыс жасау ережелері түсіндірілді. Бұдан соң оқытудың штаттық режиміндегі «кезекші сыныптардың» санитарлық талаптарының сақталуына баса назар аударып, оқу бөлмелерінің тазалығы мен білім алушы гигиенасына тоқталды. Оқу процесін қашықтан ұйымдастыру үшін мектеп директоры мектептің қандай білім беру интернет-платформасын таңдағанын айтып, синхронды және асинхронды форматтағы сабақтардың негізінде Daryn online платформасының ережелері түсіндірілді. Қашықтықтан өткізу кезінде сабақтарды әзірлеу барысына мұғалімдерге арналған үлгілік жоспарлар ұсынылды. Сонымен бірге, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау туралы тұжырымдама бөлімдерін ескере отырып, бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалаудың ерекшеліктерін атап айтты. Мұғалімдер мен ата-аналарға балалардың өз бетінше жұмыс істеуіне, оқуға қалай ұйымдастыруға болатыны жайлы ұсыныстар берілді. «Білім — адам баласының ортақ қазынасы» дегендей, күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты нақты шешімдер қабылданып, әріптестеріне толайым табыстарға бағытталған жоғары мотивация қалыптастырды.

 

 

 

Дата: 20.08.2020, 10:18 Автор: №16 ОМ