Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына zoom платформасы арқылы жиналыс

Жалпы білім беретін №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектеп директоры С.Т.Сыздыкова  бастауыш сынып оқушыларының  ата-аналарына 11.08.2020 күні сағат 17.00-де zoom платформасы арқылы  жиналыс  өткізді. Жиналыста 2020-2021 оқу жылына мектептің дайындығын және жаңа оқу жылына қатысты мәліметтер берілді. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының  оқулықтармен қамтамасыз етілуі мен мектеп формасы жөнінде  айтып өтті.  Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

 

 

 

Дата: 12.08.2020, 10:38 Автор: №16 ОМ