«Педагог дамуының инновациялық траекториясы: теориядан практикаға» атты облыстық конференция

5 мамыр 2020 жылы Оқу – әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Педагог дамуының инновациялық траекториясы: теориядан практикаға» атты облыстық конференцияда бастауыш сынып мұғалімі Сағадатова Толқын Қайроллақызы «Келешек ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің маңызы» атты баяндама жасады. Баяндамада жаңартылған білім мазмұнындағы ортақ тақырыптар аясында бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің мүмкіндіктерінің мол екенін атап өтті. Сонымен қатар өзінің іс-тәжірибесіндегі барлық пәннен ортақ тақырып аясында білім мен тәрбиені қандай әдістер арқылы ұштастырып отырғанымен бөлісті.

 


 

Дата: 6.05.2020, 16:00 Автор: №16 ОМ