British Council бойынша оқып келген мұғалімдер семинар өткізді
10-ші қазан жаратылыстану-математика бағытындағы мұалімдерге ағылшын халықаралық ұйым British Council бойынша оқып келген мұғалімдер семинар өткізді. Семинардың мақстаы: жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту үрдісінде ұстаздармен тәжірибе бөлісу. Семинарда жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерде ағылшынша қалай дұрыс сөйлеу керек, сабақтың бөлімдерінің ағылшынша атауы қалай, жаңа сабақты ағылшынша қалай түсіндірген дұрыс, қандай сөздер қолдануға болады, балалардан өткен сабақты және жаңа сабақты қалай сұрау керек, сабақ жоспарын ағылшынша қалай жазу керек, сабақты ағылшынша қалай қорытындылау керектігі түсіндірілді. Семинарды физика пәні мұғалімі Сулейменова С.С., биология пәні мұғалімі П.Бакытқызы, химия пәні мұғалімі Ахметова А.А., информатика пәні мұғалімі Омаров С.К. топтасып жүргізді. Семнар кезінде жаратылыстану-математика бағытындағы қстаздар өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, өз ойларын ашық білдірді.