25 мамыр «Сыңғырла – соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын туралы ақпарат
Мақсаты:11 сынып түлектерінің білім беру мекемесінде алған білімдері мен жетістіктерін саралау.
25 мамыр «Сыңғырла – соңғы қоңырау!» мерекесі сағат 10.00-де басталды. Мерекеге Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айнұр Иешқызы Ашимжанова және білім бөлімінің әдіскері Күләш Қайркенқызы Айнабекова, Балқаш қаласының «Құрметті азаматы», денсаулық саласының үздік қызметкері, еңбек ардагері Тоқашова Жеңіс, ата-аналар, оқушылар қатысты.
Жүргізушілер директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.М.Аблайханов пен аға тәлімгер М.М.Мухаметжанова Елбасының 2014 жылы қараша айында дәстүрлі халыққа жолдауы «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» аты дәстүрлі халыққа жолдауы, 2015 жыл елімізде аталып өтіліп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы туралы айтты.
1 сынып оқушылары жанды дәліз жасап 11 сынып түлектерін қарсы алып, Қазақстан Республикасының туы салтанатты жүрде енгізіліп Гимні айтылды.
Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзі мектеп-лицей директоры К.Дубирбекова 11 сынып түлектерінің 11 жылда жеткен жетістіктерін саралап, ақ жол тіледі. Білім саласындағы Елбасының қойып отырған талаптары туралы айта келіп, ата-аналар мен ұстаздарға тәрбиелеп отырған келер ұрпақтың жан-жақты болып, биіктерден көрінуін тіледі.
«Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Айнұр Иешқызы Ашимжанова түлектердің, жалпы жастардың бойында отанға деген сүйіспеншілік болуын тіледі.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Д.Тусупова 11 сынып түлектерін ҰБТ-ге босату туралы мектеп-лицейішілік 23.05.2015 күнгі №381 бұйрықты оқып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып І блок, салтанатты бөлім аяқталды.
Мерекенің ІІ бөлімін 1 сынып оқушыларының 11 сынып түлектеріне арнаған «Балалық шаққа саяхат» композициясымен жалғасып, арнауларын әнмен жеткізді.
Ал 11 сынып оқушылары Алтын ұя мектебіне, аяулы ұстаздарына деген тілектерін, жүрек түкпірінде жатқан жылы сөзін білдіру үшін мектеп-лицей түлектеріне сөз берілді. Түлектер ізгі ниеттерін білідіріп, үстаздарға арнауларын оқып, әндерін айтты. 1 сынып оқушыларына сыйлықтарын сыйлап, ұстыздарына «Ықылас гүлін» ұсынды.
Сонымен қатар 11 жыл бойы білімдерімен, өнерлерімен, ұлағатты тәрбиелерімен үнемі биіктен көрініп жүрген, мектеп-лицейіміздің «Білім кілтін» тапсыру рәсіміне 11А сынып оқушысы «Алтын белгі» үміткері Орынбай Айзере және инттеллектуалды зияткер, облыстық, республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасының І орын жүлдегері, Халықаралық ХХІІ Вернадский оқуларының қатысушысы Өмірбаев Абылайхан тапсырады. «Білім кілтін» 10 сынып оқушылары Эскермес Назира және Серікұлы Айбар қабылдап алды.
Салтантты жиында түлектердің сынып жетешісі еңбек жолында 5 рет түлек бітірткен Б.Б.Сұлтанова, оқушылардың алғашқы ұстасы Г.Х.Сатыбалдина тілектерін білдірсе, мектеп-лицейге деген, ұстаздарына деген алғысын ата-аналар атынан Өмірбаев Абылайханның атасы Өмірбай қажы Біләлұлы білдірді.
3 сынып оқушылары «Қоңырау» биін билеп, Соңғы қоңырау соғу құрметіне мектеп-лицейіміздің маңдай алды түлектері Слямхан Қуаныш, Даниярова Назерке, Серіков Асылан, Рамазанов Айдос, Әуелбек Ұлпан, Разахберлиева Назерке және 1-сыныптың оқу үздіктеріАманғали Ділназ, Адамбеков Нурислам, Алхамбаев Исламдияр, Мандығұлов Диас, Күмісханов Арсенге, беріледі.
ІІ блоктыңсоңында 9 сынып оқушылары вальсі, түлектердің мектеп-лицей бітіруіне арналған қоштасу вальсіне ұласты.
ІІІ блоктатүлектер мектеп-лицей ауласына шығып Биылғы жылы аталып өтіліп жатқан атаулы меркелер Қазақ хындығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына білім беру ордасының 6, мектеп-лицейдің тұңғыш 20 түлегі үмітін үкілеп бейбітшіліктің құсы 20 көгершін және есімдері жазылған 20 шар ұшырып соңғы балалықпен қоштасу сәтін тамашалады.Түлектердің «Түлектер аллеясына» ағаш отырғызу рәсіміне қонақтар, ата-аналар және ұстаздар куә болды.
Жалпы мерекелік шара барысында төменгі сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, ұрпақтар сабақтастығының үндестігімен жалғасып жатты.