“Тalap” ҰАО ұйымдастыруымен ”JasSkillsKazakhmys-2023” чемпионатының соңғы кезеңі өтті

 “Тalap” ҰАО ұйымдастыруымен ”JasSkillsKazakhmys-2023” чемпионатының соңғы кезеңі өтті

20.01.23ж. Қарағанды облысы бойынша алғаш рет Қазақмыс Политехникалық колледжі және “Тalap” ҰАО ұйымдастыруымен
”JasSkillsKazakhmys-2023” чемпионатының соңғы кезеңі өтіп, өз мәресіне жетті. Қалалық деңгейде үздік деп танылған 20 қатысушы “Дәнекерлеуші”, “Электромонтаж”, “Слесарлық- жөндеу жұмыстары”, “Металлургия” құзыреттіліктері бойынша түрлі тәжірибелік жұмыстар жасап, өз біліктіліктерін көрсетті.
Жасөспірімдерді ерте кәсіптік бағдарлау және даярлау аясында мектеп-лицейіміздің
9”Ә” сынып оқушылары Павлик Әлішер “Электромонтаж”, ал Берікжан Әбілмансұр “Слесарлық-жөндеу жұмыстары” құзыреттіліктері бойынша техникалық ережелерді сақтай отырып, берілген тапсырмаларды дұрыс жасап көрсетті.
”WorldSkills”-Talap” ҰАО жетекшісі Р.Г.Гасимов , “Ustaz Ulytau” орталығының басшысы Ж.С.Мендыбаева, Қарағанды облысы кәсіптік бағдар беру бойынша жетекшісі О.Н. Кирпан өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларға сертификаттар мен дипломдар табыстап, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
1 орын Павлик Алишер ,
3 орын Берікжан Әбілмансұр иеленіп, мектеп-лицей абыройын асқақтатып қайтты.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!