Размер шрифта:

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қаңтардың 10-ы күні инновациялық мектептердің директорлары және директор орынбасарларына арналған әдістемелік күн өтті.

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қаңтардың 10-ы күні инновациялық мектептердің директорлары және директор орынбасарларына арналған әдістемелік күн өтті.

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қаңтардың 10-ы күні инновациялық мектептердің директорлары және директор орынбасарларына арналған әдістемелік күн өтті. Күн тәртібі бойынша Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің директоры Токейбекова А.Т. «Мұғалім болу мақтаныш» атты педагогикалық сынып жобасының жұмыс жоспары және атқарылып жатқан іс-шаралары туралы тәжірибе бөлісті.
Бүгінгі қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресі қарқынды дамып отырған заманда адамның интеллектуалдық еңбек үлесі өсіп, білім деңгейіне және кәсіби бағыттылығына қойылатын талаптардың күшейгенін айтып, педсынып жобасының жүргізілуі туралы тоқталды. Бұл жобаның мақсат міндеттері мен күтілетін нәтижесімен қоса кездескен өзекті мәселелерге тоқталып оның шешу жолдарын да атап өтті.
Жобаның ерекшелігі қаламыздағы Ә.Мусин атындағы гуманитарлы-техникалық колледжімен жасалған келісімшарт негізінде ортақ жоспар мен іс-шараларға тоқталып, ұстаз еңбегінің тек білім берумен ғана шектелмейтіндігі, ұстаздық мамандыққа мейірім, қамқорлық, сабырлық, төзім қажет екендігін нақты іспен көрсету керек екенін ерекше атады.