03.11.22ж. Мектеп-лицей “Қыз Жібек” қыздар клубының ұйымдастыруымен 5-сыныптар арасында “Қыз қылығымен… “ тақырыбында тәлімді әңгіме өтті

03.11.22ж.  Мектеп-лицей “Қыз Жібек” қыздар клубының ұйымдастыруымен 5-сыныптар арасында “Қыз қылығымен… “ тақырыбында тәлімді әңгіме өтті

03.11.22ж.
 Мектеп-лицей “Қыз Жібек” қыздар клубының ұйымдастыруымен 5-сыныптар арасында “Қыз қылығымен… “ тақырыбында тәлімді әңгіме өтті. Мақсаты: қыз бала тәрбиесінің негізі-ұлттық құндылықтарды талдау, әдептілік әліппесін ұғындыру, сыныптағы достық қарым-қатынасты сақтау.
 “Қыз балаға арналған тыйым сөздерге” кластер құрып, “Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі” бейнебаянын тамашалады. Оқушылар арасындағы туындайтын мәселелерді дұрыс шешу жолдарын талқылады. Түрлі жағдаяттар шешіліп, сыныптағы достық ережесін құрды.
 Қыздарымыз қылығымен сүйкімді, әдебімен көрікті болып, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіріп өссе, ұлттың келешегі жарқын болмақ.