«Кәсіби ынтымақтастықтың- сапалы білім негізі» жетекші мектептің форумы

«Кәсіби ынтымақтастықтың- сапалы білім негізі» жетекші мектептің форумы
 «Кәсіби ынтымақтастықтың- сапалы білім негізі» жетекші мектептің форумы
28.05.2022 күні қала мектептерінің мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, үйлестіруші, мектеп тренерлері және мектеп мұғалімдері мақсатында жетекші мектеп жұмыс жопарына сәйкес «Кәсіби ынтымақтастық-сапалы білім негізі» тақырыбында жетекші мектептің дәстүрлі форумы өтті.
Біздің серіктес мектептер:
"Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей" КММ
«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі" КММ
«Балқаш қаласының Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі» КММ
 "Саяқ кенті жалпы білім беретін №6 орта мектеп" КММ
Форумның пленарлық бөлімі мектеп-лицей директоры Қарлығыш Шәкәрімқызының құттықтау сөзімен ашылды. Жетекші мектеп үйлестірушісі А.Т. Садвокасова «Мұғалімдердің кәсіби ынтымақтастығы-табысқа жетужолы» тақырыбында жетекші мектептер аясында жүргізілген жұмыстарды көрсетіп, бағдарламамен таныстырды. Жетекші мектеп педагогтері кәсіби – базалық білімдерін негізге ала отырып, қалыптасқан іс-тәжірибені жоққа шығармай, оларды жаңа тенденциямен жетілдіре отырып, инновациялық педагогикалық технологияларды қажетті деңгейде қолану арқылы білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар 2 ашық алаңда «Lesson study-мұғалімдердің ынтымақтастық ортасы», «Тәжірибенің өзгеруі- білімнің жинақталуы» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Кері байланыс алаңында Балқаш қаласы білім бөлімінің әдіскері К.К. Айнабекова іс- тәжірибе алаңдары бойынша қорытынды пікірін білдіріп, сабақты зерттеу жұмыстарымен қоса іс-әрекетті зерттеу жұмысары аясын кеңітуді ұсынды. Форумында іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтерге сертификат табысталды.