«Түлек-2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі».

«Түлек-2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі».

25.05.2022ж
«Түлек-2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі».
Бүгін Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің 11 сынып түлектері үшін мектеп қоңырауы соңғы рет сыңғырлады. Болашағынан үлкен үміт күтіп, келешегіне зор сенім артып отырған, еліміздің ертеңіне ие болатын түлектеріміздің тағы бір легі үлкен өмірге аяқ басты.
Мектеп-лицей директоры Қарлығаш Шәкәрімқызы Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп- лицейдің білім мен тәрбие беру жолындағы ерен еңбектері мен толағай табыстарын айта өтіп, нәтижесіндегі саналы да, сапалы тұлға болып қалыптасқан түлектердің жолдарына сәттілік тіледі.
Салтанатты мерекенің арнайы қонағы «Балқаш қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Утембетова Гульнара Мамытовна сөз алып, түлектерге сәт сапар тілеп, ата- аналарға, мектеп- лицей ұжымына алғысын білдірді.
Ал 11 сынып ата-аналары атынан ұлағатты ата, қаламыздың қадірлі ақсақалы Калыкбеков Аман Калыбекұлы түлектерге ақ батасын берді.
Мектеп-лицей түлегі, оқу озаты Жұмашев Елжан тарыдай қылып қабылдап, таудай қылып өсірген білім ошағына, ұлағатты ұстаздарына, дос- жарандарына деген ыстық ықыласын мөлдір сөздің мәйегін келтіріп, тебіренте жеткізді.
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРТЕҢІ БОЛАР ЖАС ТҮЛЕКТЕРГЕ СӘТ САПАР, АҚ ЖОЛ ТІЛЕЙМІЗ!