«Мен - Отанымның қорғаушысымын!»

«Мен - Отанымның қорғаушысымын!»
 

 

5.05.2022 күні Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына
30 жыл, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 77 жылдығы мен Балалар жылы аясында «Мен - Отанымның қорғаушысымын!» атты 4-9 сыныптар арасында әскери-патриоттық саптық ән байқауы болып өтті.
Мақсаты: еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтымыздың құндылықтарына құрметпен қарайтын, бейбітшілік пен өркениеттілікке өз үлесін қосатын адамгершілік мұраты биік, намысты да қаһарман, қайсар да жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу.
Мектеп-лицейіміздің «Ұлағат» аталар-әкелер кеңесінің мүшесі, № 31765 әскери бөлімінің бөлімше командирі - Налибаев Аманат Тұрғанбайулы және «Парасат» әжелер-аналар кеңесінің мүшесі, № 03876 әскери бөлімінің инженерлік оқ дәрілер сақтау қоймасының басшысы Жумагалиева Майра Жанайдарқызы саптық ән байқауында төрелік етіп, оқушыларға патриоттық тәрбиенің аса зор қажеттілігі туралы ақыл-кеңестерін айтып өтті.
Байқау нәтижесінде: 1 орын - 6 сыныптар командасы
2 орын - 7 және 9 сынып командалары.
3 орын 8 сынып, 5 сынып және 4 сынып командаларына бұйырды.