"Азаматтық қорғаныс"

17.03 күні "Азаматтық қорғаныс" айлығының аясында мектеп-лицейдің 8 сынып оқушылары №45 қалалық өрт сөндіру бөліміне экскурсия жасады.
Оқушылар өрт сөндіру шаралары туралы көптеген мағлұматтарға ие болып, мамандардың кәсіби қызметтерімен танысты. Сондай-ақ, құтқарушылардың өрт сөндіру құралдарымен қатар арнайы техникаларын көрді.
Төтеншеліктер оқушыларға орын алатын оқиғалар, өртке қарсы талаптар мен ережелерді сақтамау салдарынан болатындығын жеткізді. Мұндай жағдайлар көбіне күн жылыған кезде кездеседі екен.
Сондықтан, әр адам тілсіз жаудың алдын алу ережелерін білу қажеттігін мамандардан түсініп қайтты.