«Бұрымды қыз-2022» байқауы

«Бұрымды қыз-2022» байқауы

17.03.22 күні халқымыздың салт-дәстүрін сақтай отырып, қыз баланың шаш өсіру көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы инабаттылыққа, әсемдікке, білімділікке тәрбиелеу мақсатында мектеп-лицейінің «Парасат» аналар-әжелер мектебі, «Қыз Жібек» қыздар клубы, мектеп-лицей кітапханасы, сынып жетекшілер кафедрасының ұйымдастыруымен 2010 жылдан өткізіліп келе жатқан дәстүрлі «Бұрымды қыз-2022» байқауы өтті.
Биылғы байқаудың ерекшелігі - бұрымды қыздар шаштарының ұзындығымен бірге, өздерінің білімдерін, жан дүниесіндегі рухани байлығын, сахна мәдениетін көрсетті.
16.03.2022 күні іріктеу кезеңіне 38 қыз бала қатысып, ақтық мәреге 15 қыз жолдама алды.
Нәтижесінде «Бұрымды қыз-2022» атанған қыздарымыз: бастауыш сынып оқушылары арасында:
 2 «В» Манатқали Айшабибі,
Орта буын оқушылары арасында 8 «Ә» Омарова Дильназ атанса,
9 «А» сыныбынан Абдрахова Жамиля,
9 «В» Кұсаинова Томирис, Қайырберлі Айғаным,
10 «А» Калык Жанерке, 11 «Ә» Шалгынбаева Мадина иеленді.