Әлихан Бөкейханның дүниеге келген күні

Әлихан Бөкейханның дүниеге келген күні

Бүгін, Мемлекет қайраткері, Алашорда үкіметінің төрағасы, көрнекті ғалым - Әлихан Бөкейханның дүниеге келген күні.
Мектеп – лицейдің өзін- өзі басқару ұйымының мүшелері және қоғамдық - гуманитарлық пәндер кафедрасының ұстаздары Ұлы тұлғаның ескерткіш- бюстіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.
Көзі ашық, көкірегі ояу қазақ зиялыларының басын қосып, ұлт мүддесі жолында саналы ғұмырын сарп еткен ұлт көсеміне тағзым ету – ұлы парыз!