«Қаржы әлемі» қаржылық сауаттылық апталығының жабылуы

«Қаржы әлемі» қаржылық сауаттылық апталығының жабылуы

19.02.2022 күні облыстық «Зейін» жобасы аясында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдасыруымен «Қаржы әлемі» қаржылық сауаттылық апталығының жабылуы салтанатты онлайн форматта өткізілді.
Қорытынды жиын барысында апта бойы өткізілген іс-шаралар сараланып, әрбір оқушының білім деңгейлері таразыланды. Әр сайыстың жүлдегерлері анықталды.
«Қаржы әлемі» қаржылық сауаттылықты дамыту апталығына қатысқан оқушылар шеберлік сағаттарға, олимпиадалар мен ақпараттық және танымдық ойындарға, табысты кәсіпкерлермен және Қарағанды экономика университетінің мамандарымен кездесулерге қатысып, қаржылық жоспарлау арқылы ақшаны дұрыс санауды үйреніп, жеке кәсіппен айналысу барысында оқушылар төзімділіктің, кәсіпке, жұмысқа деген махаббаттың болуы маңызды екендігін ұғынды.
Саптық жиынды мектеп-лицей директоры Қарлығаш Шәкәрімқызы қорытындылап, оқушыларға кәсіпкерлік дағдыларын жетілдіруде «20 минут ереже» ұстанымын ұстау арқылы табысты адам бола алатындарын баса айтты.
«Қаржы әлемі» қаржылық сауаттылықты дамыту апталығына белсенді қатысқан оқушылар мен мұғалімдерге алғысымызды білдіреміз!