Мастер-класс

Мастер-класс

17.02.2022 күні «Қаржы әлемі» қаржылық сауаттылық апталығы аясында қаламыздың табысты кәсіпкері “Zhansaya cakes” дүкенінің иесі, жеке кәсіпкер - Унербекова Жансая Қайратқызымен шеберлік сағатына мектеп-лицейіміздің «Қыз жібек» қыздар клубының мүшелері:
Айтқазы Даяна 7 «В»
Айтқұл Айша 7 «Ә»
Амангельдинова Айзере 7 «Ә»
Қанатова Адель 7 «Ә»
Мусина Дана 7 «Ә» сынып оқушылары қатысты.
Унербекова Жансая Қайратқызы еңбек жолын біздің мектеп-лицейіміздің қабырғасында хатшы қызметінен бастап, кейіннен «Таңшуақ шағын» орталығының тәрбиешісі болып, соңғы жылдарында бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарған ұстаз.
Қазіргі таңда жеке кәсіпкер, "Zhansaya " дүкенінің иесі.
Сұхбат барысында оқушылар Жансая Қайратқызының қазіргі кәсібі бала кезіндегі хоббиі екендігін білді. Сонымен қатар, Жансая Қайратқызы алдына мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолында әр түрлі шеберлік сабақтарға қатысып, білімін шыңдағанын айтты.
Кері байланыс кезінде оқушылар кәсіп ашуды, қаржыны үнемдеу мәселелері бойынша сұрақтарына жауап алды.
Жансая Қайратқызы мамандық таңдау, кәсіби бағдар бойынша оқушыларға өз ұсынысы мен кеңестерін айтты.
Жеке кәсіппен айналысу барысында оқушыларға төзімділіктің, кәсіпке, жұмысқа деген махаббаттың болуы маңызды екендігін айтты.