"Ұланымыз ұлы елдің" атты танымдық сынып сағаты

Оқу сауаттылығы апталығы аясында 3"Ә" сыныбында "Ұланымыз ұлы елдің"атты танымдық сынып сағаты өтті.
Мақсаты:оқушыларды елін,жерін сүюге тәрбиелеу,оқушылар арасында білім бәсекелестігін арттыру,оқушының бойына білік-дағды қалыптастыру,сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Танымдық сайыс 4 кезеңнен тұрды.
-1-кезең "Жылдар сөйлейді",
-2-кезең "Мақалды жалғастыр",
-3-кезең "Қызықты ұйқастар",
-4-кезең "Сөз құрастыр".Сайыс соңында белсене қатысқан оқушылар марапатталды.
Қорытындылай келе оқушылар Отанымыздың ұланы біздер,еліміз -жеріміздің көркеюіне, гүлденуіне өз үлестерін қосатын азамат болатынындарын атап өтті.