Мектепалды даярлық сыныпта «Сиқырлы аққала» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі өтті

Мектепалды даярлық сыныпта «Сиқырлы аққала» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі өтті

19.01.2022ж.
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен «Бұл әлем қандай тамаша!» атты эстетикалық сауаттылық апталығы бойынша, мектепалды даярлық сыныпта «Сиқырлы аққала» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Тәрбиеленушілер қағазды умаждай отырып, оны бояуға малып және қағаз бетіне бастырып, бейне салу әдісін үйренді. Ептілікке үйрену арқылы саусақ қимылдарын жетілдіріп және ұсақ қол моторикаларын дамытты.
Мақсаты: Қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін бекіту, аққаланы бейнелеу арқылы, қол, саусақ моторикасын, ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыру.