Ертегілер әлеміне саяхат

Ертегілер әлеміне саяхат

12.01.2022жылы Қарағанды облысы білім басқармасы және оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен «Таңшуақ» шағын орталығында «Бұл
әлем қандай тамаша!» эстетикалық сауаттылық апталығының ашылу салтанаты өтті. «Қызғалдақ» ортаңғы және «Раушан» ересек топтары ертегілер әлеміне саяхат жасады. Ертегі ханшайымы қонаққа келіп балалармен ойын, би биледі. Ортаңғы топ бүлдіршіндері «Шалқан“ертегісін сахналады. Ересек тобының бүлдіршіндері қыстайтын құстар биін биледі.
Мақсаты: Балаларға ертегі арқылы музыкалық композициямен байланыстырып, шығармашылық қабілеттерін арттыру.