Размер шрифта:

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады.
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады.
 
Терроризмге қарсы операция жалғасуда, бірақ қазір барлық аймақтарда заңдылық пен тәртіп қалпына келтірілді.
Төтенше жағдай режимін енгізу өз нәтижесін берді.
 
6 қаңтарда біз қабылданған шешімдер туралы айттық: мектеп оқушылары үшін каникулды 17 қаңтарға дейін, Студенттер үшін – 24 қаңтарға дейін ұзарту.
 
Бұдан басқа, біз жоспарланған тағы да бірқатар іс-шаралардың мерзімдерін ауыстыру туралы шешім қабылдадық.
 
1. Қаңтар айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау 21 қаңтарға дейін ұзартылды. Бұған дейін өтінімдерді қабылдау 24 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейінгі кезеңге жоспарланған болатын.
Алайда туындаған жағдайға байланысты және талапкерлердің мүдделерін ескере отырып, білім және ғылым министрлігі мерзімді 21 қаңтарға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
 
2. 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өткізілетін ҰБТ-ның өзі 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында өткізіледі.
 
Естеріңізге сала кетейін, бұл тестілеуге ЖОО-ға күндізгі оқу түрі бойынша шартты түрде ақылы негізде қабылданған тұлғалар қатысады, өйткені бұрын жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамаған, сондай-ақ ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін мектептердің бітіруші сыныптарының білім алушылары қатысады.
100 мыңға жуық адам бұрын құжаттарын тапсырған.
 
3. Министрлік құжаттарды тапсыру және магистратура мен докторантураға қабылдау мерзімін 24 қаңтарға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Бұған дейін екінші қабылдау қорытындысы бойынша грант иегерлері мыңнан астам қазақстандық болды.
 
Осы қиын-қыстау кезеңде баршаңызды ел Президенті Қ.К. Тоқаевтың айналасына сенім артып, топтасуға шақырамын.