"Жаңа жыл - Жаңа нұр" тақырыбындағы мерекелік құттықтау жүргізілді.

28.12.2021ж
Мектеп- лицейдің мектепалды даярлық сыныптарынан бастап бастауыш сынып оқушыларына "Жаңа жыл - Жаңа нұр" тақырыбындағы мерекелік құттықтау жүргізілді.
Мерекелік құттықтау барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, " Бір сынып - бір кабинет" жүйесінде ұйымдастырылды.
Мектеп - лицей директоры Қарлығаш Шәкәрімқызы Жаңа жылдық ақ тілегін білдіріп, сыныптарды ұжымдық жетістіктері үшін арнайы номинациялармен марапаттады.