қалалық №2 емхананың екпе жөніндегі спикері Сержанов Рысбек Қамбарханұлымен онлайн кездесу ұйымдастырылды.

қалалық №2 емхананың екпе жөніндегі спикері Сержанов Рысбек Қамбарханұлымен онлайн кездесу ұйымдастырылды.

24 -25 желтоқсан күндері мектеп- лицейдің 6-9 сынып оқушыларының ата-аналарымен қалалық №2 емхананың екпе жөніндегі спикері Сержанов Рысбек Қамбарханұлымен онлайн кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты: 12- 17 жас аралығындағы жасөспірімдердің екпе алулары арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру бойынша ата-аналарды ақпараттандыру.
Кездесу барысында №2 емхананың екпе жөніндегі спикері Рысбек Қамбарханұлы жаһанды жайлаған індетпен күрестің ең тиімді де дұрыс жолы – оған қарсы жаппай екпе салдыру маңызы туралы кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар ата – аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, халық саулығы үшін салауатты,санатты түрде екпе алуға шақырды.