«Жаппай стандарттаудан жаппай бірегейлікке: еңбек нарығындағы жаңа талаптар» тақырыбы төңірегіндегі дөңгелек үстел

«Жаппай стандарттаудан жаппай бірегейлікке: еңбек нарығындағы жаңа талаптар» тақырыбы төңірегіндегі дөңгелек үстел

22.12.2021 күні
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасы аясында «Жаппай стандарттаудан жаппай бірегейлікке: еңбек нарығындағы жаңа талаптар» тақырыбы төңірегіндегі дөңгелек үстелді онлайн форматта өтті. Пікір-сайыс алаңында қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысып, өз іс- тәжірибелерімен бөлісті.
Спикерлер еңбек нарығының жаңа талаптарын, сондай-ақ қазіргі балаларда дамытуды қажет ететін негізгі құзыретіліктер мен дағдыларды талқылады.
Дөңгелек үстел барысында білім беру бағдарламалары орталығы дайындаған Ыбырай Алтынсариннің еңбектері туралы «Ұлы ұстаз салған сара жол» фильмі ұсынылды, еңбектерінде ғалым мектеп оқушылардың жеке қажеттіліктеріне қалайша жауап беруі тиіс екенін жазады.