Размер шрифта:

«Отан! Отан! Бәрінен биік екен!» шығармашылық эссе байқауы

«Отан! Отан! Бәрінен биік екен!» шығармашылық эссе байқауы

Қарағанды облысы Білім басқармасы Балқаш қаласының білім бөлімі «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі»КММ-ің ұстаздары,ата-аналары,оқушылары «Мөлдір бұлақ» журналын жыл сайын жазылып, сүйіп оқимыз. Журналдарың «Балғын бояу», «Біз де бала болғанбыз», «Руханият» айдарлары сынып сағаттарында талқыланып,жас оқырманның қызығушылығы артуда.
Журналдың №9 санындағы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап ұйымдастырылған «Отан! Отан! Бәрінен биік екен!» шығармашылық эссе байқауына 4 «А» сынып оқушылары Жұмабай Абдулла, Бексұлтанұлы Бейімбет тақырып бойынша әзірлеген эссе жұмыстарын журналға жолдаған болатын. Нәтижесінде Жұмабай Абдулла 3 орынды иеленіп,20.12.2021ж Алматы қаласында өткен марапаттау рәсіміне қатысып қайтты.
Жетекшісі Жуманова Гулжан Магауиевна.
Құттықтаймыз!