"Ең үздік репортаж" байқауын қашықтықтан ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы" РМҚК 2021 жыдың 12 қарашадан 13 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектеп парламенттері мүшелері арасында "Ең үздік репортаж" байқауын қашықтықтан ұйымдастырды.
Байқаудың мақсаты - мектеп Парламенттерінің қызметін насихаттау, мектеп қызметінде өзін-өзі басқару ұйымының рөлін арттыру, дарынды жастарды қолдау.
Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1000 оқушы қатысып, 150 жеңімпаз анықталды олардың арасында Балқаш қаласының мектептерінің оқушылары да бар. Мектеп Парламенттерінің президенттері қазылар алқасына оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының қызметін көрсететін бейнероликтерді ұсынды.
Мектеп-лицейіміздің Парламент мүшелері байқауда ІІІ орын иеленді.