10-11 сыныптарға «XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы революциялық ағымдар» тақырыбында Zoom платформасы арқылы онлайн дәріс

10-11 сыныптарға «XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы революциялық ағымдар» тақырыбында Zoom платформасы арқылы онлайн дәріс

09.12.2021 күні «Әлихантану» курсы «Даналықтың бейсенбісі» жобасы аясында 10-11 сыныптарға «XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы революциялық ағымдар» тақырыбында Zoom платформасы арқылы онлайн дәріс өтті.
Спикер: «Астана» халықаралық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қанат Сәдуақасұлы Өскембаев.
Дәріс барысында XIX-XX ғасырлардың тоғысындағы Ресей империясы мен Қазақстанның ішіндегі саяси ағымдар мен парламентаризмнің қалыптасуы қарастырылды. Сонымен қатар, 1905-1907 жылдардағы Бірінші орыс революциясы, 1917 жылдардағы Ақпан және Қазан революцияларына себепші болған факторларға тоқталды.