«Педагогикалық әдеп қағидалары туралы»

«Педагогикалық әдеп қағидалары туралы»

2021-2022 оқу жылына педагогикалық әдеп кеңесі құрылып, іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуде.
«Педагогикалық әдеп қағидалары туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 Бұйрығы) заңымен педагогикалық ұжым таныстырылған.
17-18.11.2021 күні педагогикалық этика қағидаларын сақтау мақсатында мектеп-лицей ұжымымен онлайн кездесу өткізілді. 56 педагогпен онлайн, 47 педагогпен оффлайн қатысты.Мектеп әкімшілігі мұғалімдерге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің педагогикалық этиканың кейбір мәселелерін нақты көрсететін бұйрығы бар екенін еске сала отырып кеңестің негізгі міндеттеріне тоқталды.
Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары: әділдік, адалдық, өзінің абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу, жалпы адами құндылықтарды құрметтеу, үздіксіз кәсіби даму болып табылады.
Білім беру процесіне қатысушылармен қарым-қатынас жасауда педагогтер: жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді;
Әріптестермен қарым-қатынас жасауда педагогтер:
1) жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды;
2) басқа педагогтің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмейді;
3) дәйексіз және дәлелсіз шағымдардан бас тартады, педагогикалық әдіптің бұзылғанына шағым жасаған адамға қарсы жауап шараларын қабылдамайды.
Педагогикалық этиканың негізгі принциптерін барлық педагогтер мен оқушылар және ата-аналар, арасында сақталып, күнделікті әдетке айналдыру керек екендігі баса айтылды.
Табысқа жетелеуші негізгі факторлардың бірі- педагогтердің кәсіби мәдениеті, ұжымның ортақ құндылығы, ынтымақтастығы.