“Өз қолыңызбен ертегі- мультфильм жасау”

17.11.2021 ж. күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі” КММ - де “ Кел, балалар, оқылық!” оқу сауаттылығы апталығы аясында мектепалды даярлық сыныптар арасында “Өз қолыңызбен ертегі- мультфильм жасау” ата- аналармен жұмыс ұйымдастырылды. Ата- аналар тәрбиеленушілермен бірігіп ертегі кейіпкерлерін жасай отырып, ертегі желісін сомдады.
Мақсаты: отбасымен байланыс орната отырып , ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке баулу.