"Айбынды ұрпақ-Тәуелсіз ел тірегі"

21.10.2021 күні 8"А" сыныбының қатысуымен "Айбынды ұрпақ-Тәуелсіз ел тірегі" атты ерлік сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету; Елжандылыққа, елін, жерін сүюге, батырлардың ерлігін мәңгі есте сақтауға тәрбиелеу. Патриоттық сезімді қалыптастыру және өз Отанын қорғауға дайын болуға тәрбиелеу, тарихты білуге, ерлікке, батылдыққа баулу.
Оқушылар Ауған соғысы ардагері Бауыржан Мейрханұлы және ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметкері Нұржан Жораханұлымен кездесіп, өз сұрақтарын қойды.