«Тарих толқынында» тарихи сауаттылық апталығы

«Тарих толқынында» тарихи сауаттылық апталығы

08.10.21 күні «Тарих толқынында» тарихи сауаттылық апталығы жоспарына сәйкес тарих пәнінің мұғалімі Асемханова Г.Б. 5 сынып оқушыларына «Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштері» тақырыбында қалалық мұражайда сабақ өткізді.
Мақсаты: Ә.Марғұланның Қазақстан археологиясының дамуына қосқан үлесін айқындау.
Оқушылар екі топқа бөлініп қола дәуірі бойынша сұрақтарға жауап берді.
Мұражайдың аға ғылыми қызметкері Дәулет Асанханұлы қола дәуірі залында экскурсия жүргізіп, қола дәуірін зерттеген Әлкей Марғұлан туралы деректер айтып оқушылардың білімін шыңдады.
Қыздар қыш құмыралар туралы, ұлдар еңбек құралдар туралы ақпаратымен бөлісті.
Нәтижесінде Андрон мәдениеті мен Бегазы Дәндібай мәдениеті ерекшеліктерін біліп, сабақ қорытындыланды.
Оқушылар «Мұражайдан алған әсерім» тақырыбында әңгіме жазуға тапсырма алды.